Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жаңа туған сәбиін көшеге тастап кеткен әйел видеоға түсіп қалды

Шымкентте көшеден табылған сәбидің анасы бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Видеода киімін бүркеніп киген әйелдің әрең жүріп бара жатқаны байқалады.

20170124130722

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Видеодағы әйелдің сәби табылар уақыттан бұрын өткені болжанды. Ұзын күрте киген әйел алдымен жедел жәрдем көлігінен жасырынғандай болады. кейін тездетіп тасаға барады. Жаңа туған сәби уде сол жерден табылған.

Баланы дәл осы әйелдің босанып, тастап кеткен болуы мүмкін. Сәби бір сағаттан аса уақыт жаңбыр асытнда қалып қойған. Дәрігерлер 4 минут бойы қыз баланы аман алып қалу үшін күресті.

Жалгас Усенханов сенбі күнгі оқиғаны әлі де қорұынышпен еске алады. Сәбиді терезеден көріп қалып, көмекке ұмтылған да сол. Қыз бала суықтап қалғандықтан, тыныс алуы нашарлаған.

«Мен көлігімді тұраққа қойып, ғимаратқа кірсем, көпшілік терезеден қарап «бала жатыр» деп даурығып жатыр екен. Қарасамн шынында да бала жатыр. Далаға жүгіре шығып, сәбиді көтерген бойда жансақтау бөліміне алып кірдім. Ол бетон үстінде бір сағаттан аса қалып қойған», – дейді Жалғас Үсенханов.

Қазір қыз бала жасанды тыныс алу аппаратымен демалуда.

Айта кетейік, сенбі күні жеке медициналық орталықтың күзетшісі қоқыс тастайтын жәшік пен банкоматтың арасынан жаңа туған сәбиді тауып алған болатын. Қансыраған сәбиді анасы босанған күйі тастап кеткен деген болжам жасалған-ды. Күзетшілер тез арада жедел жәрдем көлігін шақыртып, сәби перинаталдық орталыққа жеткізілген.

Жіберіп алмаңыз:

Астаналық әйел 7-сыныпта оқитын қызына мұғалімнің қырындағанын айтып шағымданды

Германиялық азамат: Қазақты жамандағандардың тұмсығын бұзуға дайынмын (видео)

Адам өлтірген Қарағанды тұрғыны жарты сағат ішінде ұсталды

Талқылау