Шымкентте полиция бір ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен қызды тапты
Оңтүстік Қазақстан облыстық полициясы қыркүйек айының ортасында жоғалып кеткен 15 жастағы Аида Әбдусаматованы тапты. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Еске салсақ, Сарыағаш ауданының тұрғыны полицияға хабарласып, өзінің кәмелетке толмаған сіңлісінің жоғалып кеткені туралы хабарлаған еді. Ол 13 қыркүйек күні “Алаш” базарынан шығып кеткеннен кейін үйіне оралмаған.
Жасөспірім қыз ұзақ уақыт бойы Сарыағашта тұратын нағашы ата-әжесінің үйінде тұрған. Тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін, анасы қызының Қарағандыға қайтып келгенін қалаған. Анасы болса қызының салмақты, тәртіпті екенін, тіпті телефон ұстамайтынын да айтқан еді.
“Жедел-іздестіру шараларының арқасында тәртіп сақшылары 15 жастағы Аиданы тауып алған. Қазіргі таңда қыз үйіне оралды. Денсаулығы жақсы”, – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары аталған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз:
Алматыда 15 жастағы қырғызстандық қыз жоғалып кетті
Ерасыл Әубәкіровтің өліміне басты күдіктілер 11-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды
Қарағандылық тірі қуыршақ науқас фанатын құтқару үшін еркектермен бір түн өткізбекші