Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында әйелді 4 баласымен пәтерінен қуып шықты

Алматы облысында көпбалалы ана адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр. Жалғызбасты әйел 4 перзентімен көрінгеннің босағасын сығалап жүр. Себебі, маскүнем күйеуі бала-шағасын бір-ақ күнде аш-жалаңаш күйінде қуып шыққан. Содан бері бұл отбасының көрмегені жоқ. Қазір олар сыз тартқан аядай ғана сарайда тұрақтаған. Суық жерден балалар да, анасы да әбден аурушаң болып қалған. Бірақ емделу түгілі олардың нан мен қант алуға да ақшасы жоқ, – деп хабарлайды КТК арнасы.

длго

Бұған дейін түнемеген жері қалмаған көп балалы отбасының қазіргі тұрақтаған жері сарай болып отыр. Бірақ, мұның өзі адам тұруға төзгісіз. Тар жердің іші сыз тартқан суық. Мұнда көшіп келген Магамедалиевтер сынған терезелерді қолдан келгенше жамап қойған. Ал әбден тозған еденнен кеміргіштер ішке қаптап кіреді. Бірақ көпбалалы әрі жалғызбасты ананың бұдан басқа барар жері жоқ. Себебі, жалғыз арқасүйер күйеуі оны 4 баламен бірге далаға қуып шыққан.

“Бұл – негізі қаңырап қалған үй. Алғашында мұндағы жағдай тіптен нашар еді. Біз барынша ретке келтірдік. Жағдайымыз осы. Әрине, жалғыз өзіме өте қиын. Бірақ, мен балаларымды аш қалдырмау үшін барымды саламын”, – дейді жалғызбасты ана Хардам Магамедалиева.

Бұл үйдің кенжесі Мавидың жасы 7-де, ал үлкені небәрі 14 жаста екен. Шиеттей балаларға да, анасына да суық өтіп, жиі ауырады. Бірақ ауыруға уақыт та, жағдай да жоқ. Себебі, күйеуі тастап кеткен әйел қара жұмыс істеп, балаларын асырауы керек. Ол кейде егістікке барып шөп жинаса, бірде жұрттың сиырын сауады екен. Ал одан тапқан тиыны жүрекжалғарға әрең жетеді. Сондықтан әкесі өзектен тепкен балалары да ағаштан сыпыртқы жасап, нәпақа табуды үйренген.Тағдыр тауқіметін тартқан отбасыға ішінара көршілері көмектесіп тұрады. Киім-кешекті де солар береді екен.

“Ең болмаса өзінің баспанасы болса дейміз. 4 баламен әрі-бері көшу оңай емес. Осы күнге дейін қанша үй алмастырды. Жанымыз ашиды. Қолдан келгенше көмек береміз. Бірақ әрқайсымыздың отбасымыз бар ғой”, – дейді көршісі Нархан Смайылова.

Қазір олар үй деп аузың бармайтын мына жерді сәл де болса жылыту үшін көмірге зар болып отыр. Тіпті сарайдың ай сайынғы төлемін мамырдан бері бере алмаған. Сондықтан, амалы қалмаған отбасы қайырымды жандардан көмек сұрауға мәжбүр.


Жіберіп алмаңыз:

Қазан айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін фильмдер

Нұртас Адамбай: Қарапайым жанкүйерді мазақ етуді қашан қоясыздар?

Шайа ЛаБаф өз тойында үнемдеді

Асанәлі Әшімов әріптесінің әрекетін құптамады

Талқылау