Ерасыл Әубәкіровтің өліміне басты күдіктілер 11-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

Сәрсенбі, 12 Қазан , 2016 12:38

Астана қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотының судьясы Асxат Әшірбеков медициналық университеттің студенті Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сот үкімін шығарды.

0-6

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Сот барысында қылмыс жасады деген күдікпен жауапқа тартылған Нұрбек Әжімбай, Виталий Шерстенев пен Андрей Тихоненколарға 11-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

“Нұрбек Әжімбаевті кінәлі деп тауып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық жолмен табылған мүліктері тәркіленсін”, – деді Әшірбеков.

Басқа күдікті Виталий Шерстенев 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

“Андрей Тиxоненкоға 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленсін”, – деп атап өтті ол.

Айта кету керек, сот процесі алқабилер сотының қатысуымен өткен болатын.

Медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда із-түзсіз жоғалған. 10 ақпанда Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Е.Әубәкіровтің мәйітін тапқан болатын. Адам өлтірді деген күдікпен төрт адам – Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай ұсталды.

Аян Мейірбаев қылмыстық істе ең басты күдіктілердің бірі болған. Бірақ кейін Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, 7 мамырда Астана прокурорының келісімімен Аян Мейірбаев босатылды.

Бұған дейін Мейірбаев пен әкесі сотқа жәбірленуші болып қатысатынын хабарлаған едік. Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты іс прокуратураға жіберілген болатын.

Естеріңізге салайық, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтың өлі денесі ақпан айында қала сыртынан табылған еді. Оны қаскөйлер азаптап өлтіріп, қол-аяғын байлап, басына пакет кигізіп қарға көміп тастаған. Көп ұзамай студентті азаптау сәті түсірілген таспа да пайда болды. Онда осыАян Мейірбаевтың марқұмды байлап қойып, ұрып жатқанын анық аңғаруға болады. Кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Ерасыл Әубәкіров елордадағы медициналық университеттің алтыншы курсының студенті еді. Ол 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні оның жоғалғаны жайлы хабарды достары таратты.

Оқи отырыңыз:

Қарағандылық тірі қуыршақ науқас фанатын құтқару үшін еркектермен бір түн өткізбекші

Алматы облысында әйелді 4 баласымен пәтерінен қуып шықты

Алматыда теракті жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесі ұсталды

Мұхамедиұлының студент қыздарға қырындайтынын Тұңғышбай Жаманқұлов та растап отыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар