Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты іс прокуратураға жіберілді

Бейсенбі, 4 Тамыз , 2016 16:51

Астанадағы медициналық университеттің студенті Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты қылмыстық іс Астана қалалық прокуратурасына жіберілді.

444

Фото: kmv.gorodskoitelegraf.ru

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Іс қалалық прокуратураға 3 тамызда жіберілді. Заң бойынша екі апта қаралып, сосын сотқа немесе қосымша тергеуге жіберіледі”, – деді айыпталушы Нұрбек Әжімбайдың адвокаты Серік Сәрсенов.

Ал өлтіру ісіне күдікті делінген Н. Әжімбай, А. Тихоненко, В. Шерстенов 10 тамызға дейін қамауда болады. Бұған дейін күдікті ретінде ұсталған Аян Мейірбаев қамаудан босатылған болатын. Мейірбаевты қамауға алу мерзімін созуға байланысты сотқа дейінгі тексеру органдарынан өтініш түспеген.

“Менің қорғауымдағы азаматқа байланысты 28 маусым күні жаңа қаулы шықты. Бірінші және жаңа қаулының негізінде мен іс бойынша барлық мойындауларды жоққа шығаруға және мен қорғаған айыпталушыға қатысты қылмыстық зерттеуді тоқтатуға өтініш бердім. Нұрбек бұл уақыттың ішінде өзінің конституциялық құқығымен қорғала алмай отыр”, – деді Сәрсенов.

Естеріңізге салайық, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтың өлі денесі ақпан айында қала сыртынан табылған еді. Оны қаскөйлер азаптап өлтіріп, қол-аяғын байлап, басына пакет кигізіп қарға көміп тастаған. Көп ұзамай студентті азаптау сәті түсірілген таспа да пайда болды. Онда осыАян Мейірбаевтың марқұмды байлап қойып, ұрып жатқанын анық аңғаруға болады. Кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Ерасыл Әубәкіров елордадағы медициналық университеттің алтыншы курсының студенті еді. Ол 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні оның жоғалғаны жайлы хабарды достары таратты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар