Мұхамедиұлының студент қыздарға қырындайтынын Тұңғышбай Жаманқұлов та растап отыр

Сейсенбі, 11 Қазан , 2016 16:10

Күні кеше Еңлік Сыдықова есімді бойжеткен Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының өзіне қырындап, пара сұрағанын айтып видеоүндеу жолдаған болатын. Бұл жайтты Тұңғышбай Жаманқұлов та растап отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Bezymyannyy-74

Министрдің әлгіндей әдеті барын Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов та растап отыр. Айтуынша, шенеунік оның да студенттеріне «жабысқан» көрінеді. Бірін көлікпен, ал енді біразын оқу гранттарымен қызықтырыпты.

«Маған 15 адамның тізімін әкеліп берді, «осыны аласың» деп. Грантта бар болғаны 12 адам. Мен бұған қарсы болдым. Мен мұны алмаймын деп бас тарттым. Сол кезде емтихан біткенен кейін маған түнде сағат 11-12-лерде маған телефонмен доқ көрсетіп, маған айқай салды. Дап-дардай адамға маған! Солардың бәрін ақыры алды өзінің тізімін. Демек, бірдеңе бар деген сөз , бірдеңе берілді деген сөз», – дейді ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.

Бірақ министрдің өзі бұл айыптаулардың бірін де мойындамай отыр. Тікелей сұхбаттан қашқанымен, ақпарат құралдары арқылы сәлем айтқан.

Мен бұл мәселеге пікір білдірмесем де болатын еді. Алайда, елге танымал тұлға, оның ішінде Мәдениет министрі болған соң бұл мәселені айналып өтуге хақым жоқ. Бұл видеоүндеудің дәл сол уақытта емес, бірнеше жылдан кейін жарық көргені күдік ұялатады. Шамасы, біреулерге менің қызметімді қаралау керек сияқты.

Арыстанбек Мұхамедиұлының бұған дейін де жаман аты шыққан. Онда бір топ отандық режиссерлер оның аузын майламай, фильм түсіру мүмкін емес деп күллі жұртқа шағымданған болатын. Енді сол секілді бұл сексуалдық жанжалды да министр сот залында шешпекші. Ол өзіне тағылған бұл шағымды  жала деп мәлімдеді.

Kazinfo.today мәліметінше, Тұңғышбай Жаманқұлов бұл жайлы бұрын да хабардар болған.

«Еңлікке құрметімді білдіргім келеді. Ол өзі азаматтық позициясын айтты. Қазақ қыздары мұндайды ашық айтуға бата бермейді. Біріншіден бұл шындық. Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды. Мен Академияда 20-30 жылдан бері қызмет етіп келем. Мұндайді бірінші рет көруім. Мұхамедиұлының кезіндегіде шу ешқашан болған емес. Өз баласымен жасты адамға қалайша осындай ұсыныс жасауға болады. Сол жерде мен болғанда ер адам ретінде оны ұрып жығатын едім», – дейді халық әртісі.

«Еңліктің айтып отырған оқиғасын да бұрын естігем. Менің курсымда оның жерлес қызы оқитын. Ол оған сіңлісіндей қарап қорғап жүретін. Мұхамедиұлынан сақ болуға шақырып, қорғап жүретінін естігем. Ол ғана емес, көп қыздар ректордан қашып, оның уысына түсіп қалмауға тырысатын. Ол бірнеше қызға осындай ұсыныс жасаған екен», – деп қосты Жаманқұлов.

Айта кетейік, Тұңғышбай Жаманқұлов мұхамедиұлымен текетіресінің ол ректор болып тұрғанда басталғанын айтқан еді.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев ауырып ем алып жатыр

Фотограф 7 ай бойы Бразилиядағы жасырын қызмет көрсететін жезөкшелердің өмірін суретке түсірген (фото)

Алматы тұрғыны қала кезіп жүрген ұрылар жайлы айтып жұртты сақтануға шақырды (видео)

Ата-анасы іphone 7 телефонын сатып алып бермегені үшін қызы өзіне қол салып көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар