Танымал режиссер Мұхамедиұлының пара сұрағанын ашық айтты (видео)

Сейсенбі, 12 Шілде , 2016 11:47

Кинорежиссер Талғат Жәнібеков Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының фильм түсіруге қаржы бөлу үшін пара талап еткенін айтады.

f9af188ecf5218cc13e9494e0a4

Режиссер министрліктің былығын әшкерелейтін видеоүндеу әзірлеген.

Қазіргі уақытта режиссер «Феникс» атты триллер түсіріп жатыр. Алайда, ол министрің кесірінен жұмысын аяқтай алмай отырғанын айтады.

«Фильмді Ғарышкерлер күніне орай аяқтаймыз деп жоспарлағанбыз. Алайда, Арыстанбек Мұхамедиұлы бұған мұрсат бермеді. Ведомства басшылары біздің туындымызды тоқтатып тастады», – дейді ол.

Арыстанбек Мұхамедиұлының елдің күлкісіне қалып жүргенін білеміз. Бірақ, бұл ызадан туған күлкі. Мынадай адам Мәдениет және спорт министрлігін басқарып отырса, әлем елдері біз туралы не ойлайды?, – дейді Жәнібеков.

«Бірнеше сот болды. Олардың бәрінің телефон қоңырауы арқылы шешіліп отырғанын білеміз. Заң толығымен біз жағында болса да, сотта жеңіліп қалғанымыз шетелдік әріптестерімізді де таң қалдырып отыр», – дейді режиссер.

Ал, түсірілім жұмыстарын жалғастыру үшін министр режиссерден “откат” сұраған көрінеді.

«Билік жұмыс істемейді! Біз мұнда ұрлық болғанын дәлелдейтін құжаттарды көрсетіп отырмыз, оған Серік Жұбандықов (“Қазақфильм” АҚ вице-президенті) пен Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысы бар. Министрдің өкілі келіп, маған “откат” туралы айтты. Мен қарсылық білдірдім. Содан бастап жұмысымыз тоқтатылды»,— дейді Жәнібеков.

Еске сала кетейік, «Феникс» фильмінің түсірілімі 2015 жылдан бері аяқталмай келеді. Арыстанбек Мұхамедиұлы кейбір құжаттардың дұрыс болмауына байланысты, түсірілімнің тоқтап тұрғанын айтқан еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар