Шымкентте мас жүргізуші 10 жасар қызды қағып кетті
2017 жылдың 30 тамыз күні кешкілік қаладағы Еңбекші ауданында кішкентай қызды көлік басып кеткені туралы хабар түскен.

Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды. Оқиға орынына келген полицейлер 1966 жылы туған тұрғынның мас күйде 5 сынып оқушысын қағып кеткені анықталады. Апат кесірінен қыз ауруханаға барар жолда көз жұмған.
Медициналық тексеріс қорытындысы бойынша, “ВАЗ” көлігін тізгіндеген тұрғынның “алкогольді мас күйдің орта деңгейінде” болғаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 3445 бабы негізінде қылмыстық іс қозғалып, ер адам уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Оқи отырыңыз:
“Казахстанская” шахтасында метан тарады: Үш адам өлі күйінде табылды
Мәскеуде Қазақстаннан барған әншіні көлік қағып кетті
Қайғылы жағдай: Көкшетауда өрттен шошыған келіншектің тілі байланып қалды
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан үкіметі қазақстандық кәсіпкерлерге берген уәдесін неге орындамады?
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр