Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Скат» ұшағы шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды

Жолаушының денсаулық жағдайына байланысты «Скат» ұшағының капитаны шұғыл түрде қосалқы әуеайлаққа қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

скат

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, ұшақ бортында дәрігер болмағандықтан, алғашқы көмекті стюардессалар жасаған. Дегенмен, шетелден келген азаматшаның қан қысымы жоғарылай берген.  «Осы орайда ұшқыш әуе кемесін кері бұрып, жылдамдықты арттырып жақында орналасқан Ақтаудағы әуежайға бет алды.

Ұшақты осындай дәрежеде ұқыпты әрі жылдам қондырған жағдайды бұған дейін көрмеппін», – деп жазды жолаушылардың бірі Фейсбуктегі парақшасында. «Борт Астана-Ереван бағытында ұшқан еді. Аталған жолаушының жағдайы нашарлаған, яғни куәгерлердің айтуынша, оның жүрегі қысып ауырған.

Капитан Ақтаудағы қосалқы әуеайлаққа қону туралы шешім қабылдады. Ұшақ қонатын сәтте жолаушының жағдайы нашарлай түскен. Дәрігерлер бригадасы шақыртылып, оны рейстен алып қалды. Соңғы ақпаратқа қарағанда, жедел жәрдем қызметкерлері науқасты медициналық мекемеге алып кеткен.

Егер де оның денсаулығы түзелсе, онда бұл азаматша ертең басқа рейспен сапарын жалғастырады», – деді әуе компаниясындағы қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Виктория Сторожилова.

Оқи отырыңыз:
Митхун Чакрабортидің қоқыс арасынан тауып алған сәбиі сұлу қыз болып бойжетті (фото)

Король қалай демалады: Саудия басшысы Мароккодағы демалысына 100 млн доллар жұмсады (фото)

“Титаниктің” бас кейіпкерлері бірге демалып жатқан жерлерінен ұсталып қалды (фото)

Өмір үшін күрес: Ракты жеңген жандар (фото)

 

 

Талқылау