Шымкентте қираған ғимараттан бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
Шымкенттегі қаңырап қалған қорғасын зауытының цехы ғимаратынан 47 күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды.
Бұл туралы “Отырар” хабарлайды.
Алдын-ала дерек бойынша ол зауыт аумағында қара металл жинаумен жасырын айналысқан екен. Ал бір жарым айдай уақыт бұрын апатты ғимараттың шатыры құлаған.
Қайтыс болған жігіттің туыстары ресми органдар ұзақ уақыт бойы қираған ғимараттан зардап шеккендерді іздемеді дейді. Ал ер адам денесінің бұзылып кеткеніне қарамастан туыстары оның 40 жастағы Ізбасхан Ерғараев екенін бірден таныған. Оның жоғалып кеткені туралы қазан айының аяғында хабарланған болатын. Туыстары болса ә дегеннен оның осы ғимарат астында қалып кетуі мүмкін екенін болжапты. Алайда төтенше жағдайлар басқармасы да, полиция да зардап шеккендерді іздеуге асыға қоймаған.
“25 қазан күні олар осында келіп, астыртын қара металл жинай бастады. Алайда сол кезде ғимарат опырылып түсіп, олар астында қалып кетті. Ал полиция болса 47 күн бойы ештеңе істемеді”, – дейді ағасы Май Ерғараев.
Ізбасханның туыстары одан бөлек ғимарат астында тағы бірнеше адам қалып кетуі мүмкін деп отыр. Ал құқық қорғау органдары істі енді қарастырып жатыр. Олардың айтуынша металл іздеушілер ғимаратты ұстап тұрған темір конструкцияларды қозғау кесірінен, шатыр құлап кеткен болуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Қызылорда облысында ұшты-күйлі жоғалған балықшылардың сүйектері табылып жатыр
Қарағандыда халыққа танымал тіс дәрігері зейнеткер-әкесін өлтірді
Алматыда шатырға қатып қалған алып мұз әйелдің үстіне құлады
Ақтауда донер жеп уланған екі жасар қыз ауруханада көз жұмды