Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте хайуанаттар бағы директоры мен филологтар арасында «А» әрпі үшін дау туды

Шымкентте «А» әрпі үшін дау туды. Хайуанаттар бағының директоры, қалалық мәслихат депутаты білім бөлімі орналастырған маңдайшадағы «А» жалғауын орынсыз деп тауып, маңдайшаны ауыстыруын талап еткен. Ал қалалық тіл мамандары қала атауын орысша септеген кезде «А» әрпінің қажет екенін алға тартып, хайуанаттар бағының директорынан емле мәселесіне араласпауын сұрады,  – деп хабарлайды КТК арнасы.

Шымкентте филологтар арасында «А» әрпі үшін дау туды. Аталған дауға «Шымкент» сөзінің орыс тілінде септелуі себеп болған. Филологтар қала атауының септелетіні не септелмейтінін анықтап жатқанына бірнеше апта өтті. Грамматикалық пікірталасты бастаған хайуанаттар бағының директоры, мәслихат депутатының айтуынша, қалалық білім бөлімінің алдындағы маңдайшада сөздің қате жазылуы ұят. Осыны айтқан мәслихат депутаты білім басқармасындағылардан маңдайшадағы жазуды өзгертуін сұрапты. Нәтижесінде дау тудырған «А» қосымшасы алып тасталды.

«Орыс тілі ережесі бойынша бұлай жазылуы дұрыс емес. Мен орыс тілін оқыған кезде, ережед бойынша мұндай жағдайда қосымша жалғанбайды. Менің филологиялық білімім жоқ. Бірақ мектепте жақсы оқыдым», – дейді мәслихат депутаты Нұрғазы Бұхарбаев.

Аталған дау ғаламтор желісінде де жалғасын тапты. Желі қолданушылары «Шымкент», мемлекеттік мекемелер атауының септелуіндегі арты қосымшаны тауып жатты. Ендігі аудандық әкімдік, прокуратура және көлік бөліміндегі «А» әрпі алынып жатыр. Әзірге сәулет бөлімі мен Шымкент  хайуанаттар бағының маңдайшалары өзгермеген. Ал филология ғылымдарының докторлары болып жатқан жағдайдаға шамдануда.

«Шымкент сөзі Красноярск қала атауымен бірдей. Екеуін де септейміз. Мұнда нөлдік форма. Мен «Шымкента» деп жазар едім. Дұрыс білім алған адамдар үшін осы нұсқа дұрыс болады. Бұл жерде «а» жалғауы болуы тиіс», – дейді филология ғылымдарының докторы Валентина Нарожная.

Әдетте сөздерді орысша «город» сөзімен қатар жазғанда түсінісіпеушілік туындайтын еді. Қала атауы «город» сөзімен келгенде септелмейді де, аталған сөз болмаған кезде септеледі екен. Бірақ филологтар «город» және «Шымкент» сөздерінің екеуі де септелетінін алға тартуда.  Олардың айтуынша, шатаспас үшін, тек әскери құжаттарда ғана қала атауын септемеуге болады. Басқа жағдайдың бәрінде «А» қосымшасы жалғануы тиіс. Алайда мекеме атауларындағы септік жалғауын алып тастаған шенеуніктерге тосқауыл болу мүмкін емес. Себебі, жаңа маңдайша бюджет есебіне 6 мың теңге шығын келтіреді екен.

Оқи отырыңыз:

Астанада ірі базардан өрт шықты

Ақтөбеде балабақшадағы балалар қолданылған мүшеқаппен бірнеше сағат ойнаған

“Әлібидің ісі” бойынша сотталған Қайрат Жамалиев қоныс колониясына ауыстырылады

Алматыда 30 миллион теңге айыппұл төлемеген жүргізуші ұсталды

Талқылау