Шымкентте Иегова куәгерлері облыстық мешіттің имамын өз қатарларына шақырған
Шымкентте “Иегова куәгерлері” діни ұйымының өкілдері облыстық мешіттің имамын өз қатарларына шақырған.
“Таңертең Иегова куәгерлері өкілдерінің бірі имамның үйіне барып, гаджетті пайдалану арқылы түрлі ақпараттармен оны қатарларына шақырған. Алайда жағдайды бақылауда ұстаған имам “102” нөміріне хабарласқан”, – деді дін зерттеу орталығы ассоциациясы.
Оңтүстік Қазақстан облыстық бас имамының орынбасарының айтуынша, оларды бөлімшеге алып барған.
“Имам өзі мешітте істейтіндіктен, иегова куәгерінің әрекетін намысқа тиюшілік деп бағалап шағым жазды”, – делінген хабарламада.
Діни мәндегі әдебиет құралдарын заңсыз таратқаны үшін сот иегова куәгерін айыпты деп танып, оған 226 мың теңге көлемінде айыппұл салған.
Оқи отырыңыз:
Балаларды тек қазақ мектебіне беруге шақырған мұғалім жауапқа тартылмақ
Қызылордада әкімдік ғимаратын әкім деп «таныстырғандар» күлкіге қалды
Алматы автобустарында билетсіз жүрген жолаушыларды полицейлер жаппай ұстап жатыр
Шымкентте құрдастарын аяусыз сабап тастаған жасөспірімдер жазадан құтылып кетті