Шымкентте балмұздақтан жаппай улану: Төрт бала жансақтау бөлімінде
Шымкент қаласында балмұздақтан 39 адам уланып ауруханаға түсті. Қазір уланғандардың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Бұл туралы Оtyrar.kz порталы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, екі күн ішінде Шымкенттегі қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 39 адам түскен. Үш науқас 28 наурызда, ал тағы 20 адам кеше ауруханаға жеткізілді.
Ауруханаға түскен науқастардың жасы бестен он сегіз жасқа дейін. Олардың барлығына ішек инфекциясы деген диагноз қойылды. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде төрт адам жатыр. Олар 5 және 6 жастағы балалар мен 17- 18 жас аралығындағы жасөспірімдер.
Ата-аналардың айтуынша, балмұздақ сататын дүкен «Қиял әлемі» саябағына жақын жерде орналасқан. Веб-сайттың мәліметі бойынша, қауіпті балмұздақ сатылған дүңгіршек қазір жабық.
Оқи отырыңыз:
Петропавл тұрғыны тапа-тал түсте мешіттің құрылыс материалдарын ұрлап кеткен
Танымал актер Сейфуллин көшесіндегі қыздардың білімін тексерді
Қарағандыда ауылды жекешелендіріп алған кәсіпкер халыққа тиесілі мүліктерді саудаға салуда