Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда ауылды жекешелендіріп алған кәсіпкер халыққа тиесілі мүліктерді саудаға салуда

Қарағанды облысындағы бүтін бір ауыл тұрғындары бас көтерді. Өйткені осыдан жиырма жыл бұрын елдімекенді жекешелендіріп алған кәсіпкер қарызға батып, адамдарды жалғыз табыс көздерінен айырған. 650 тұрғыны бар ауылдағы ірі кәсіпорынның жұмысын тоқтатқан кәсіпкер кейбір нысандарды сатылымға қойып отыр.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

120-ға жуық түтіні бар Шұңқыркөл ауылының жұрты соңғы екі жылдан бері үреймен өмір сүріп келеді. Өйткені елдімекенді жекешелендіріп алған кәсіпкердің кесірінен тұрғындар өздеріне тиесілі жерлерінен қағылудың алдында тұр. Қарызға белшесінен батқан бизнес иесі 650-ге жуық адам күн көріп келген жалғыз кәсіпорынның да жұмысын тоқтатқан.

“Қаншама мал да бар, техника да болған. Қазір сол техникадан дым қалған жоқ”, – дейді Шұңқыркөл ауылының тұрғыны Нұрлан Жанзақов.

«Асылбеков» компаниясының басшысы елдімекеннің 61 пайыз, яғни 17 мың гектар жерді осыдан 22 жыл бұрын жекешелендірген екен. Онымен қоса, кәсіпкер ауылдағы техника мен мал тұратын базды да атына аударған дейді жұрт. 39 пайыз үлесі бар халық кәсіпорнында жұмыс істеп, бұған дейін пайдасын да көріп келген. Бірақ соңғы уақыттан бері бизнес иесі ауылдағы нысандарды жаппай сататын болған, сөздерінше. Тіпті, мұндағы жалғыз мәдениет үйі мен балабақша да сатылып кеткен екен. Енді халық кәсіпкер ірі қара малдарға да ауыз сала ма деп қорқады.

“Біз бұл жерде жергілікті билікпіз. Мен олардың баланстарын, құжаттарын қарай алмаймын ғой. Хақым жоқ”, – дейді Шұңқыркөл ауылының әкімі Ербол Омашев.

Басы дауға қалған жеке кәсіп иесі жерді сатпаймын деп отыр. Өйткені 1996 жылы 17 мың гектар жерді атына аударғанымен, ол кепілде тұр екен. Ал Шұңқыркөл ауылының тығырыққа тірелгенін жасырмайды да. Айтуынша, қиындықтар қуаншылықтан қағылғанда пайда болған. Егін мен шабындықтан айырылған кәсіпкер 98 миллион теңгеге қарызға батуға мәжбүр болған.

“ТОО аяғына тұрды. 2004 жылы. 7 жыл егін жоқ. Былтыр 2,9 урожайность болды”, – дейді «Асылбеков» ЖШС қожайыны Марат Баймұхаметов.

Кәсіпкер жергілікті басшы түгілі, аудан билігі шеше алмаған мәселені инвесторлар арқылы ғана реттеледі деп отыр. Дегенмен құрылтайшылардың бүгін-ертең табылатынына күмәнмен қарайды. Өйткені бұған дейін ауылды сатып аламын деген 9 инвестор келіп, кері қайтқан екен. Ал онсыз да жұмыссыздық қысқан елді мекеннің тұрғындары енді үкіметке шағымданбақ.

Тағы оқыңыз:

Қазақ жігіттері Өзбектсаннан қыз алуды жиілеткен

Тікелей эфирінде сүйіскен кішкентай қыздардың видеосы тексерілетін болды

Рудныйда бір соққымен адам өлтірген кикбоксер 8 жылға сотталды

Таразда сәбинінен айрылған келіншек дәрігерлерді айыптады

Әскери шенінің жоғарылағанын тойлап арақ ішкен әйелдер видеосы үшін жазаланды

Талқылау