Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте балаларының көзінше әйелін бауыздап өлтірген азамат 15 жылға сотталды

Шымкентте әйелін жауыздықпен өлтірген азаматқа қатысты сот шешімі жарияланды. Сот жұбайын кішкентай балаларының көз алдында өлтірген азаматты 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Шымкентте балаларының көзінше әйелін бауыздап өлтірген азамат 15 жылға сотталды

Бұл туралы TVK арнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістан тұрғындарын шошытқан жантүршігерлік оқиға 2017 жылдың 31 желтоқсанында болды. 34 жастағы Ербол Мақұлбеков әйелімен ажырасып кеткеніне қарамастан, үнемі оған келіп, жанжал шығарған. Ол 31 желтоқсан күні 6 және 10 жасар балаларының көзінше бұрынғы зайыбын айымшы етіп ұрып-соққан. содан кейін қылмыскер әйелінің басын таспен ұрып, тамағын кесіп, бауыздап тастаған.

«Тергеу барысында айыпталушының кінәсі дәлелденді. Оның балалардың көз алдында аналарының тамағын кесіп тастағаны анықталды», – деді Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған қылмыстық сотының судьясы Даурен Мадияев.

Ал сот үкімімен келіспеген марқұмның туыстары қылмыскерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды және моральдық зиян үшін өтемақы ретінде 20 миллион теңге төлеуді талап етті. Сот талапкердің талаптарын ішінара қанағаттандырды. Соттың қаулысына сәйкес, айыпталушы зардап шеккен марқұмның жақындарына үш миллион теңге төлейді. Шешім қабылдау кезінде сот сотталушының өкінгенін ескерді, дегенмен оған шығарған бұл үкім қатал болды.

«Ербол Мақұлбеков 99-баптың екінші бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот Мақұлбековты 15 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ең жоғарғы қауіпсіздік колониясында өтейді», – деп оқыды ОҚО-ның мамандандырылған қылмыстық сотының судьясы Даурен Мадияев.

Қорғаншылық органдары қазіргі кезде жетім қалған балалардың тағдырын анықтауда. Қазір олар туыстарының үйінде.

Оқи отырыңыз: 

«Астаналық беделді адам» Байзақованы пышақтамақшы болған

Қазақ эстрадасын Мейрамбек Бесбаевтың басқаратыны рас па

Танымал продюсер Ресейде жатып, Павлодар билігін айыптаған Скриптонитті сынап тастады

Төсіңді жапшы: Мәдина Сәдуақасова ашық-шашық суретін жариялап, жұрттың ашуына тиді

Талқылау