Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 14 жастағы жасөспірімді өлтірген қылмыскер ұсталды

Полиция қызметкерлері атысқа қатысқан Шымкент тұрғынын ұстап алды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

ьо

14 жастағы баланың өліміне себепші болған күдікті Жамбыл облысына қашып үлгерген. Оны сол жерден ұстады. Белгісіз төрт адам қарусыз тұрғындарға оқ жаудырған болатын. 16 жастағы Агит та атыстың құрбаны болған. Оқ арқасына тигендіктен, ол өзіне кімнің оқ атқанын көрмеген. «Ініме оқ атты, мен жүгірдім. Оны құшақтаған едім, оқ менің арқама тиді. Артынша есімнен танып қалдым. Өзімді кім атқанын білмеймін», – дейді ол.

Осылайша үлкен ұл ауыр жарақат алып, кішісі сол жерде мерт болған. 14 жастағы Джамал тілге келмей жүріп кеткен. Шын мәнінде, қылмыскерлер үлкендермен арада болған жанжал үшін келген екен. Артынша үйдің маңайында жүрген балаларға оқ атқан.

«Бала өзінің велосипедін жасап отырды. Сол сәтте көше бойында тұр еді. Әлгі жүгіріп келіп үлкен ұлға оқ ата бастады. Артынша оның қашып үлгергенін көріп, кішісін өлтірді», – дейді марқұмның туысы Джамал Мамаев.

14 жастағы жасөспірімнің жерлеуі бүгін өтеді. Қайғылы оқиғаның аяқталғанына тәуліктен асып кетсе де, бұл жерді полиция қызметкерлері күзетіп жүр. Атыс Ворошиловка тұрғындарының зәресін алды. «Бүгінгі таңда күдіктілердің төрт адам екені белгілі болды. Олардың бірі – 31 жастағы ер азамат. Дәл қазір абақтыда отыр. Ол Жамбыл облысы, Қордай ауданында ұсталған. Бұрын ұрлық үшін сотталған», – деп мәлімдеді ОҚО ІІД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жатақханада босанған студент сәбиін қоқысқа тастаған

Өскеменде қытай сөмкесінен ер адамның мәйіті табылды

Алматыда өз анасын аяусыз ұрып өлтірген тұрғын сотталды

Маңғыстау облысында пойыз ер адамды басып өтті

Талқылау