Шымкентте 7 жасар баланы ұрды деп күдіктелген анасы емханаға келіп ұлын көрген
Шымкентте 7 жасар Асылхан анасынан жәбір көріп, емханада жатыр. Баласын ұрды деп күдіктелген анасы емханаға келіп ұлын көрген.
7 жасар Асылханға еріктілер тағамдарын, ойыншықтарын әкеп көңілін аулап жүр. Еріктілер баланы анасына қайтармауды сұрап жатыр, деп хабарлайды tvk арнасы.
«Арнайы органдар не себепті баланың анасын қамауға алмаған. Не психиатриялық емханаға қаратпаған. Анасы баласын ұрып қана қоймай, ойына келгенін істеп мазақ қылған», – дейді ерікті Александра.
«Асыл туыстарының үйінде өсті. Бала мектепке баруы керек болғанда, туыстары оны анасына қайтарған. Бала дәретханаға шыға алмайды. Сөйлей алмайды, дұрыс жүре де алмайды. Анасы сол үшін де ұрған болуы мүмкін. Ол кіші қызы үшін жәрдемақы алады», – дейді туысы Сандуғаш Жолдасбекова.
Баланың әкесінің де қайда екені белгісіз. Аудандағы білім бөлімінің жетекшісі Майхан Нахипов күдікті әйелдің баласын көру үшін емханаға барғанын білмейтін болып шықты.
Қазір баланың жағдайы жақсарып келеді. Дәрігерлер оны екі аптадан соң шағарамыз деп отыр.
Дәрігер Мұхтар Әбдіқадіров Асылханнан анасы туыстарымен бірге емханаға келгенін растады.
Тағы да оқыңыз:
Алматылық қария ардагерлер үйі қызметкерлерінің газет сатуға мәжбүрлейтінін айтып жылады (видео)
Ахметжан Есімов ЭКСПО туралы Атамбаевтың “қызғанышына” жауап берді
Зымыранның бөлшегі Жезқазған түбіне құлап, бір адам көз жұмды