Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны ең бай кәсіпкерді не үшін бопсалағанын сотта түсіндірді

Шымкентте оңтүстіктің ең бай кәсіпкерінен 7 миллион долларды не үшін бопсалағаны айтылды,-деп жазды КТК арнасы.

Қазақстандық «Форбстың» тізімінде 18-ші болып тұрған бизнесмен Серікжан Сейітжановтың былығын бұқаралық ақпарат құралдары мен ғаламторға жарияламас үшін 7 миллион долар сұраған Бөкейхан Қайыпназаров бүгін сот алдында жауап берді.

90-шы жылдардың соңында өзі де бизнесмен болған айыпталушы Сейітжановтың 24 миллион теңгелік қарызын жапқан екен.

Осылайша қарыздар болып қалған қазіргі олигарх бір жылдан соң Шымкент орталығындағы бір ғимарат пен таксопаркті Қайыпназаровтың сенімді өкілінің атына жазып құтылыпты.

Алайда алашағын сенімді өкілінен ала алмағаннан оның фирмалары банкротқа ұшырап, өзі қыруар ақшадан айырылған. Араға 20 жылдай салып, бұрынғы 24 миллион теңгесі мен Сейітжанов туралы білетін былығын 7 миллион долларға бағалаған Бөкейхан Қайыпназаров танымал бизнесменнен сол қаржыны талап етіпті.

Бермесе, оның өзі мен отбасы туралы материалдарды жаһанға жария етемін деп қорқытқан көрінеді. Олигарх әрі облыс мәслихатының депутаты Серікжан Сейітжанов болса өзі ұстап берген ескі танысын кешіремін деп отыр.

«Жарты жыл көлемінде бұл тек қана түнде  хабарласады. Түнде смс жібереді телефоныма. Сөйтеді де, 7 миллион төле дейді. Амал жоқ шағымдандым.  Енді кешірем. Өйткені бірінші әйелінен 5 бала, екінші әйелінен 2 баласы бар екен»,-дейді  кәсіпкер Серікжан Сейітжанов.

Оқи отырыңыз:

Астанада еліміздің бас шыршасы жағылды

Алматыда салтанатты түрде бас шырша шамы жағылды

Ирландиялық әжей жаңа жылдық шыршаны әйелдерге арналған іш киіммен безендіріп қойған

Еліміздің бас шыршасы ЭКСПО аумағында орналасатын болды

 

Талқылау