Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада еліміздің бас шыршасы жағылды

Астанада дәстүрлі түрде еліміздің бас шыршасын жағу рәсімі өтті. Бас шырша ЭКСПО көрмесінің аумағында «Нұр Әлем» маңына орнатылған, деп хабарлайды Stan.kz.

Сурет: inform.kz

Биылғы жылы жаңа жылдық шырша 200 мыңнан астам жарқылдаған шам және 6 мың шармен безендірілген. Шыршаның биіктгі 25 метрді құрайды.

Сонымен қатар мерекелік кеш қонақтары отшашу мен концерттік бағдарламаны тамашалады. Концертке еліміздің артистері қатысты.

Сондай-ақ ЭКСПО қалашықта еліміздегі ең ірі мұз қалашығының ашылу салтанаты өтті.

Астана мәдениет басқармасының мәліметінше, мұз қалашығында биіктігі 5 метр, ені 40 метр болатын сырғанақ тебуге арналған екі төбешік және  кішірек екі төбешік тұрғызылыпты.

 

Талқылау