Ирландиялық әжей жаңа жылдық шыршаны әйелдерге арналған іш киіммен безендіріп қойған

Жексенбі, 17 Желтоқсан , 2017 21:18

Ирландиялық Алекс Бермингем Twitter желісіндегі парақшасында жаңа жыл қарсаңында әжесінің үйінде орын алған күлкілі жағдай туралы айтып берді. 74 жастағы әжей жаңа жылдық шарлар сатып алып, шыршаны безендірген. Алайда анықтап қарағанда, олар шыршаны безендіруге арналған шар емес, әйелдердің іш киімі болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz.

Немересі әжесіне мөлдір шар ішіне салынған іш киімдер сатып алғанын айтқан. Шар ішіндегі іш киімдер жылтыр түсті болғандықтан, әжей оны бірден аңғармапты.

«Менің 74 жастағы әжем мына рождестволық шарларды үйге арналған тауарлар сататын дүкеннен сатып алыпты. Мен шарларды шыршаға іле бастағанымда, олардың шыршаны безендіруге арналған ойыншық емес екенін байқадым. Әжем не сатып алғанын білмей қалған сияқты», – деп жазды Алекс Бермингем.

Немересі әжесіне шарды ашып көрсетіп, оның шыршаны безендіруге арналған ойыншық емес екенін түсіндірген.

«Құдайым-ай, дүкен қызметкері мен туралы не ойлады екен? Мұндай шардың алтауын сатып алдым ғой», – дейді әжей.

Оқи отырыңыз:

Британиялық әйел Рождество мейрамында қайтыс болған анасының мәйітінен тамақ жасап жемек

Біз күнделікті қолданып жүрген мұнайдан жасалған 9 зат

2017 жылдың ең күлкілі жануарларының суреттері жарияланды

Ер адам болып туғанымен, әйел болып өмір сүріп жатқан 10 сұлу

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар