Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент туралы қызықты деректер

Stan.kz Шымкент туралы қызықты әрі танымдық деректер ұсынады.

Шымкент туралы қызықты деректер

Шымкентке барған кез-келген адам әр түрлі әсер алып қайтады. Десе де, көпшілігі қала туралы оң пікірде деп ойлаймыз. Шымкенті және оның тұрғындарын ұнату, ұнатпау әркімнің өз еркінде. Бірақ, бұл қалаға немқұрайлы қарау мүмкін емес.

  1. Шымкент 2200 жылдан астам тарихы бар Қазақстанның ең ескі қаласы. Бұл фактіні археологтардың өзі растаған. Бір ерекшелігі, мұнда жылына 300 күнге дейін күншуақты ауа райы сақталады. Қысы жылы, жазы өте ыстық және ұзақ болатын Қазақстанның ең шырайлы өңірі.
  2. Шымкент аумағы және халық саны бойынша республикада үшінші орын алатын қала. Шымкенттің қалалық алаңы Мәскеудің аумағымен бірдей. Өткен жылы Шымкенттің аумағы 117 мың гектарға дейін кеңейіп, тіпті Мәскеуден асып түсті. Міне, шымкенттіктер өңірдің осы артықшылығын да мақтан тұта алады.
  3. Шымкент – елде көшелерінің ұзындығы бойынша абсолюттік рекорд орнатқан қала. Облыс орталығында 2000-ға жуық көшелер бар, олардың көпшілігі қазақ батырлары  мен мәдениет қайраткерлерінің және ғалымдардың есімімен аталған. Көшелердің жалпы ұзындығы 2100 километрді құрайды.
  4. Шымкент – демографиялық тұрғыдан көшбасшы ғана емес, елдегі егіздердің саны бойынша бірінші орын алатын қала. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы 10 жылда Оңтүстік Қазақстан облысында жеті мыңнан астам егіз және 81 үшем туылған. Жыл сайын аймақта шамамен 800 жұп егіз дүниеге келеді.
  5. Шымкент қаласы миллионыншы қала ретінде танылғаннан кейін, қала тұрғындары «КИнЭС-2018» атты Қазақстанның рекордтар кітабының өкілдері тіркеген әлемдік рекорд орнатты. Әл-Фараби алаңында осы іс-шараның құрметіне 5 мың азамат бір мезгілде бір миллион рет кеудесін жерден көтерді.
  6. Шымкентте және тек шымкенттік қана Қазақстанның барлық букмекерлік кеңсесі тарихында ең үлкен ставка жасай алды. Биылғы жылдың мамыр айында бәс тіккен шымкенттік азамат 17 миллион теңге ұтып алды.
  7. Қазақстанның оңтүстік мегаполисі өз аумағы арқылы өтетін көптеген су артериялары бар жалғыз қала. Шым шаһарының аумағынан Қарасу тармағы мен Бадам және Қошқар ата өзендері ағып өтеді. Сондай-ақ, қаланы шығыстан батысқа қарай кесіп өтетін Бадам, Шымкент, Жаңашек және Текесу каналдарының жасанды су жолдары бар.
  8. Қазақстанның оңтүстігі еліміздің асыраушысы болып саналады. Жеміс-жидек пен көкөніс, қарбыз-қауын, мақта өсіруден Оңтүстік Қазақстанға тең келер қала  жоқ. Бұл өңірдің жылдық табысы облыс халқының қажеттілігін артығымен өтей алады.
  9. Шымкет халықты дәмді және арзан тағамдарымен де баурап алады. Оңтүстіктің адамдары тамақтың дәмін жақсы біледі. Дәстүрге айналған бешбармақ, бауырсақ, палау фестивальдері тек Шымкентте ғана пайда бола алды.
  10. Қонақжайлылық жағынан да Шымкент алда тұр. Оңтүстіктің адамдары қонақ келгенді жақсы көреді, жалпы қонақтарды өте жоғары бағалайды. Олар қонақты елге мақтанып, жұртқа көрсету үшін емес, жүрекпен күтеді және шымкенттіктердің бұл қасиеті бірінші кезекте шетелдіктерді қатты қызықтырады.
Бурабай туралы қызықты мәліметтер >>>
Талқылау