Швеция полициясы Стокгольмде Құран мен Ирак туын өртеуге рұқсат берді
Швеция полициясы Стокгольмде Құран мен Ирактың туын өртеуге рұқсат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TV4 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Наразылық акциясы 20 шілдеге жоспарланған. Ол Ирак елшілігінің жанында өтеді.
Бұған дейін, 28 маусымда Швеция полициясы мұсылмандардың Құрбан айт мерекесінің бірінші күні Стокгольмдегі бас мешітте Құранды өртеп наразылық акциясын өткізуге рұқсат берді. Ғимараттың жанында Құран жыртылып, Ирактан келген босқын наразылық ретінде кітаптың парақтарын жұлып алып, аяқ киімін сүртіп, сосын ішіне бекон салып, өртеп жіберген. ЕуроОдақ оқиғаны айыптап, сөз бостандығын қорғайтындарын атап өтті.
Сондай-ақ, 2023 жылдың басында Түркия мен Швеция арасында Стокгольмдегі түрік елшілігінің жанында Құранның өртенуіне байланысты жанжал шыққан еді. Аталған әрекеттің аясында Анкара Стокгольмның НАТО-ға қосылу туралы өтінішін мақұлдаудан бас тартты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”