Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шұбат онкологиялық аурулардың алдын-алады

Түйенің шұбатын үздіксіз ішуді дағдыға айналдыру – онкологиялық аурулардың  алдын-алудың ең тиімді жолы.

12_Коронные_напитки_кочевников

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Осындай тұжырым жасаған отандық дәрігерлер, қазақстандықтарға  қатерлі ісікпен  күресудің тағы да қарапайым бірнеше ережесін ұсынады. Тіпті, біз біле бермейтін күлкі мен айқайлап ән айтудың өзі  рак ауруының даму тәуекелділігін  төмендете алатын қасиетке ие екен. Сондай-ақ, мамандар 35 пен 60 жас аралығындағы азаматтарға жыл сайын  “Скринингтік” тексерістен өтіп тұруға кеңес береді.

“Скрининг сізді сақтайды” деп өздері айдар таққан  жаңа тәсілмен жұмыс істеп жатқан  аймақтың бірі Алматы облысындағы Жамбыл ауданының дәрігерлері. Кеселдің алдын-алудағы әдістері қарапайым. Аудандағы 35 пен 60 жас аралығындағы  әр тұрғынның үйіне  “Скринингтен өтуге келіңіз” деген хабарландыру таратумен айналысатын арнайы жұмыс тобын құрған.  Нәтижесінде,  көптеген науқастың алғашында жаңға батпайтын  дертіне дауа дарыды дейді.

– “Белгілі бір жастағы адамдарды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Барлығын шақыртып жасатамыз. Халықтың өздері де келіп менің денсаулығымды тексеріп берсең деп сұранып келсе тіптен жақсы болар еді”, – дейді Жамбыл аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Доғдыргүл Өмірқұлқызы.

Медицинасы озық Кореялық ғалымдармен тәжірибе алмасып келген Доғдыргүл  Өмірқұлқызы қазақстандықтарға қатерлі ісікке қарсы қосалқы ем ретінде пайдалануға болатынын қарапайым тағы бірнеше ережелердің  бар екенін айтады. Мысалы «күлу» немесе “айқайлап ән  айту”  қатерлі ісік пен жүрек-қан тамырлары ауруын болдырмайды екен. Көңіл көтерудің бұл әдісін жапондық  ғалымдар қырық пен алпыс жас  арасындағы алпыс мың адамға тәжірибе жүргізу нәтижесінде дәлелдеген екен.

– “Кореяда кәдімгі  біз көрдік, адамдарды кіргізіп алып күлдіріп жатқандарын. Адамда гормон Счастье деген бар. Егер ол көп болатын болса адамда қатерлі ісік болмайды деген тұжырым бар”, – дейді дәрігер.

Айғайлауда сол тәсілдің бір түрі. Дауысты қатты айғайлап іштегі бүкіл жаман энергия сыртқа шығады.

Сондықтан, ән айтудың пайдасын жақындарыңызбен  бөлісуді ұмытпаңыздар. Өйткені, шылым  шегу, қозғалыстың аздығы, дұрыс тамақтанбаудан бөлек,  күйзеліс те қатерлі ісік ауруларына алып келетін басты факторладың бірі.

Жіберіп алмаңыз:

Нұрлан Ноғаев: Атыраулық оқушылар жергілікті шұбат, қымызды ішулері керек

Қазақ ақсақалы қымыз жасайтын құрылғы ойлап тапты (видео)

Павлодарлық кәсіпкер Дубайға бір тонна қымыз жөнелтпек

Павлодарлық студенттер қымыздан балмұздақ жасамақ

Талқылау