"Мешіттегі атысқа жауап": Шри-Ланкадағы терактінің себебі айтылды
Шри-Ланканың қорғаныс министрі Руван Виджевардена 21 сәуірде елде болған жарылыстар Жаңа Зеландиядағы мешіттерде болған атыспен байланысты екенін мәлімдеді.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
21 сәуірде Шри-Ланка аралының Коломбо, Негомбо және Баттикалоа қалаларындағы шіркеулерде жарылыс болды. Шри-Ланкада қаза тапқандар саны 262 адамға жетті. Зардап шеккендердің саны 452 адамға жетті.
Министрдің сөзінше, бұл алдын ала тергеудің нәтижесінде белгілі болған. Мемлекет парламентінің алында сөз сөйлеген Руван Виджевардена Шри-Ланкадағы жарылыстар Крайстчерч қаласында мұсылмандарға жасалған шабуылға жауап болғанын мәлімдеді.
Еске сала кетсек, 15 наурызда Крайстчерч қаласындағы екі мешітте атыс болды. Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерн оқиғаны теракт деп бағалады.
Талқылау