Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шри-Ланкадағы жарылыс: Қаза тапқандар саны 262 адамға жетті

Жексенбі күні Шри-Ланка аралында болған сегіз жарылыстың салдарынан 262 адам көз жұмды. Зардап шеккендердің саны 452 адамға жетті.

Шри-Ланкадағы жарылыс: Қаза тапқандар саны 262 адамға жетті

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News 1st арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кеше, 21 сәуірде, Шри-Ланка аралыныңКоломбо, Негомбо және Баттикалоа қалаларындағы шіркеулерде жарылыс болды. Сонымен қатар елдегі үш мейманхана мен тұрғын үй кешендерінде жарылыс жасалған. Оқиғадан зардап шеккендер саны артуда. Қазіргі уақытта 262 адамның көз жұмып, 452 адамның жарақаттанған белгілі. 

Жергілікті полиция мәліметінше, шабуылдың басты мақсаты христиандар, бірінші кезекте Шри-Ланка христиандар қауымының басым бөлігін құрайтын католиктер болған. Құрбандардың ішінде Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, АҚШ елдерінің азаматтары бар. 

Талқылау