Шортандыдағы жарылыс: Зардап шеккен отбасыларға облыс орталығынан баспана беріледі
Шортанды газ баллонының жарылуынан зардап шеккен отбасыларға облыс орталығынан баспана беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі.
Отбасыларға 30 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді.
"Бұл үйдегі үш пәтер де жарамсыз болып қалды. Біз оларды тез арада басқа жерге қоныстандырдық. Сонымен қатар, облыста төтенше жағдай режимі жарияланды. Бүгін біз пәтер сатып алуға 30 миллион теңге бөлдік", - деді Маржықпаев.
Сондай-ақ ол Көкшетаудағы "Науан хазірет" мешітінің шұғыл қайырымдылық қаражат жинау туралы хабарлағанын еске салды. Бүгінгі таңда 13 миллион теңгеден астам қаржы жиналды. Бұл ақша зардап шеккендердің емделуіне, өміріне қажеттінің барлығын – тұрмыстық техника, жиһаз, киім-кешек, тұрмыстық ыдыс-аяқ және т.б. сатып алуға жұмсалады.
Әкім оқиғаның мән-жайын жедел штаб анықтап жатқанын, полиция да қылмыстық іс қозғап, тергеу жүріп жатқанын еске салды.
"Прокуратура барлығының қалай жасалғанын қадағалап, оның салдарын қадағалап отыр. Әрине, өртке қарсы қызмет пен басқа да құрылымдарды қайғылы жағдайды ескере отырып, белгілі бір жұмыстарды орындауға міндеттейтін белгілі бір құжат болады. Бізде қазірдің өзінде жедел штаб құрылды. Облыстық деңгейде бірқатар брифингтер өтті. Бүгін біз Төтенше жағдайлар министрлігімен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз", - деді өңір басшысы.
Айта кетейік, Шортанды ауданындағы жарылыс 16 қараша күні болды. Жарылыс болған сәтте үйде 12 адам болған. Олардың үшеуі (екі әйел мен бір бала) оқиға кезінде көз жұмды. Ауруханаға түскендердің арасында денесінің 70 пайызын термиялық күйік шалған 12 жастағы ер бала қарашаның 20-да қайтыс болды.