"Шок болдым": Болат Өтемұратовтың компания қызметкерлеріне арнап жазған хаты жарияланды

Бүгін желіде Ұлыбритания соты активтерін бұғаттаған "Верный капитал" компаниялар тобының негізгі акционері Болат Өтемұратовтың компания қызметкерлеріне арнап жазған хаты жарияланды. Хатта автор БТА банк шағымы бойынша компания активтеріне шектеу қойылғанын өткен апта соңында ғана естігенін жазған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Болат Өтемұратовтың қоры Мақтаарал ауданында 150 үйдің құрылысына 6 млн доллар бөлді

"Шынымды айтайын, шок болдым. Дереу мәселенің мән-жайын анықтай бастадық. Заңгерлер сот шешімінің жалған құжаттарға сүйеніп шығарылғанын растады. Қазір сот шешімінің күшін жою үшін талпынып жатырмыз, бірақ оған біраз уақыт керек және мәселе жақын арада шешіледі деп сенемін. Сот процестері жүріп жатқан шақта ресми түрде мәлімдеме жасамаймын. Барлық компаниялар қалыпты режимде жұмыс істей береді" делінген 6 желтоқсанда жазылған хатта.



Хатта автор мұның бәрі "менің беделіме және компания атына нұқсан келтіріп, бизнесіме зиян тигізу үшін жасалып отыр" деп топшылайды.

Хатты Өтемұратовтың өзі жазғаны туралы "Верный капитал" өкілдері растады. Бұл туралы Informburo сайтының тілшісі Серікжан Мәулетбай та хат алғанын жазды. 
Өткен аптада Ұлыбритания соты Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі Болат Өтемұратовтың активтерін бұғаттаған еді. Сот шешіміне БТА банктің арызы себеп болған. Wall Street Journal (WSJ) басылымының мәліметінше, "БТА" басқалармен бірге бизнесменді де "банктен ұрланған ақшаны жасыруға көмектесті" деп айыптаған.

Ізінше "Верный капитал" мәлімдеме таратып, бұғаттау туралы сот шешімі "жалған құжаттар негізінде шығарылды, сот шешімін апелляцияға бердік" деп хабарлаған. Ал БТА банк бұл туралы түсініктеме бермейтінін айтқан. 

WSJ жазуынша, бұғатталған активтер арасында шетелдік ірі банктердегі шоттарда жатқан ақша және Мәскеуде, Венада және Қазақстан астанасында орналасқан Ritz-Carlton қонақүйлеріне жартылай иелік ететін компаниялар, сонымен бірге Өтемұратовқа және оның ұлы Әнуарға тиесілі Burger King фастфуд мейрамханалар желісінің қазақстандық франшизасы бар.

Еске салсақ, Ұлыбритания соты миллиардер Болат Өтемұратовтың активтерін бұғаттап тастағанын жазған едік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр