ШҚО тұрғындары жылқыға бөлінетін субсидияның аздығын айтып шағымдануда

Елімізде мал шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидияда «теңсіздік» байқалады. Мәселен, асыл тұқымды бір шошқаға үкімет 180 мың теңге бөледі екен. Ал қойға 8000 теңге, сиырға 150 мың төленеді. Бірақ бір қызығы, жылқы малына бір тиын да субсидия жоқ. Онсыз да малдың машақатын тартып отырған шаруалар жылқы баққандары үшін де қолдау көрсек дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

субсидия

Кәсіпкер Бердіхан Сүйеніш

Жалпы Шығыс Қазақстан облысында 394 мың бас жылқы бар. Былтырғы жылы жылқы саны 362 мың болыпты. Жылқы баққан ел малдың артынан еріп оның санын көбейтудің қамын жасап жүрміз дейді. Бірақ төрт түліктің өзгесі көрген мемлекеттік қолдауды дәл осы жылқы жануарына көрсетсе жағдай әлдеқайда дұрысталатынына сенімдері мол. 

"Егер қолдау көрсетілсе, қымыздың да, жылқы етінің де бағасы арзандайтын еді ғой. Барлығы соған байланысты. Жем-шөп қымбат. Үкімет субсидияға көбірек көңіл бөлсе, жақсы болатын еді", - дейді кәсіпкер Бердіхан Сүйеніш.

Елімізде төрт түлікке төленетін субсидияның негізгі бөлігі сиыр малына жұмсалады. асыл тұқымды сиыр сатып алуға 150 мың теңге төленеді. Қойға 8 000 теңге, ал жылқыны, оның өзінде айғырын сатып алғанға 100 мың теңге беріледі. Ал дәл осындай бір шошқаға 140 мың теңге бөлінеді. Шошқаны асылдандырып, селекциялық жұмыстар жүргізген жағдайда әр басына тағы 40 мың теңге төленетін көрінеді. 

Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары биыл мал шаруашылығын қолдау үшін 10 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылғанын мысал ретінде келтірді. Шығыста шошқа асырайтын екі-ақ шаруашылық бар деді. Айтуларынша, олардың алған ақшасы түкке тұрмайтын секілді.

"Шошқа шаруашылығымен айналысатын бізде екі ірі кәсіпорын бар. Мен атап өткен 10 млрд теңге субсиядияның 1%-ы ғана шошқа шаруашылығына бөлінеді", - деді ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы міндетін атқарушы Азамат Еркінов. 

Ал Бақытжан Мұхтарбекұлы субсидия сұрамақ түгілі бие саууға тыйым салынғанын айтып шағымданып отыр. Катон-Қарағай ауданының тұрғынына бие байласаң, айыппұл салынады деп ескертілген.

"Әкімдіктен келіп ескерту жасап кетті. Ауылда саууға болмайды, сондай заң бар дейді. Біздің күніміз сол. Алдағы уақытта әлі шөп, қажетті саймандар алуымыз керек", - деді аудан тұрғыны Бақытжан Мұхтарбекұлы.

Мұны жерглікті билік өкілдері жайылымдық жер жетпей жатқандығымен түсіндіріп отыр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр