ШҚО тұрғындары желіде термометр бағаны -60 градустан төмен көрсетіп тұрғанын бөлісіп жатыр
Термометр -60 градустан төмен температураны көрсететін фотоларды Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы Парыгино ауылының тұрғындары желіде бөліскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: yk-news
Дәл осындай температура Глубоковский ауданы Прогресс ауылында да байқалды.
Температурасы ең төмен фотоны Глубоковский ауданы Малубинка ауылының тұрғыны жіберген. Онда термометр минус 63 градусты көрсетіп тұр.
Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. "Қазгидромет" РМК Зырян метеостанциясында минус 47,3 градусты тіркеді. Бұл – өткен түні Қазақстанда тіркелген ең төменгі температура.
Айта кетейік, бұған дейін Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты еліміздің 10 өңірінде су тасу қаупі төніп тұрғаны туралы жазған едік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”