Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да жоғалып кеткен екі жасар бүлдіршіннің мәйіті табылды

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен екі жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция департаментінің мәліметінше, Риддер полициясына баланың анасы ұлы Арсений Киселевтің жоғалғаны туралы хабарлаған. Оның айтуынша, бала 9 сәуір күні түстен кейін аулаға ойнауға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін жоғалып кеткен.

 

Полиция кішкентай Арсениймен бірге ағалары мен әпкелері, көрші ауланың балалары бірге ойнағанын анықтады. 

Баланы іздеуге Өскеменнен қосымша полиция департаментінің және төтенше жағдайлар департаментінің күштері, оның ішінде кинологтар келді.

"Полицейлер баланың өзенге жақындап, суға құлап түскенін көрсететін негізгі нұсқаны алды, бұған су қоймасының жағасында табылған іздер дәлел болды. Бұдан әрі баланың мәйітін полицейлер өзен арнасын тазарту барысында ықтимал құлау орнынан 1 шақырым қашықтықтан тапты", - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта іздеу операциясы тоқтатылды.

Гүлдана Қазтай
Сенбі, 10 Сәуір, 2021 11:05
Талқылау