Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам көз жұмды (видео)

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам ажал құшты. Жол-көлік оқиғасы 22 мамыр күні Алматы – Өскемен тасжолында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

апат

Полиция мәліметіне сәйкес, жеңіл көлік қатты жылдамдықпен келіп трактордың тіркемесіне соғылған. 

"Nissan Cefiro автокөлігі Алматы облысы Текелі қаласынан Қалбатау ауылына қарай келе жатқан. Тасжолдың 959 шақырымында 36 жастағы көлік жүргізушісі жылдамдықты асырып, "Беларус 82,1" тракторының тіркемесіне соғылған", – делінген полиция хабарламасында. 



Салдарынан оқиға орнында 36 жастағы жүргізуші мен төрт жолаушы тіл тартпастан жан тапсырды. Тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

Қазір полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша тергеу бастады. 

Талқылау