ШҚО-да шахтадағы жарылыс кезінде екі адам қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысында Орлов өндірістік кешенінің шахтасында екі кенші қаза болып, тағы бірі зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 16 маусым сағат 22:00 шамасында болған. KAZ Minerals тобы "Шығыстүстімет" ЖШС-ға қарасты Орлов өндірістік кешенінің шахтасында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде екі жұмысшы көз жұмды, бір адам зардап шекті. Ол Бородулиха аудандық ауруханасына жеткізілді.
"Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі", - деді компанияның баспасөз қызметінде.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”