Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да сайлау комиссиясының мүшелері 72 сағатқа оқшауланады

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері ШҚО халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Сайлау комиссияларының мүшелері Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 33-қосымшасының III-тарауының 1.2-тармағы 13) тармақшасына сәйкес профилактикалық мақсатта ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуге жататын контингент болып айқындалсын және 72 сағат мерзімге үйде оқшаулансын (үй карантині)", - делінген жаңа қаулы мәтінінде.

Сайлау комиссияларының мүшелері Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау қорытындыларын шығару аяқталған сәттен бастап 72 сағат мерзімге үйде өзін-өзі оқшаулайды.  72 сағат өткеннен кейін ПТР әдісімен COVID-19 бақылау тестілеуінен өтуге міндетті.

Оң нәтиже болған жағдайда - жұмыстан шеттетілуге жатады; COVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын белгілер болған кезде - емдеуге жатады; теріс нәтиже болған кезде - өз лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады.

Құжатқа сәйкес, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы мыналарды қамтамасыз етуі керек:
1) 72 сағат ішінде үйде оқшауланған (үй карантиніндегі) сайлау комиссияларының мүшелерін медициналық бақылауды;

2) сайлау комиссияларының мүшелеріне үйде оқшаулау (үй карантині) жағдайында ПТР әдісімен COVID-19-ға бақылау тестілеуін ұйымдастыруды және өткізуді.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 11 Қаңтар, 2021 10:29
Талқылау