ШҚО-да педофил жауапкершіліктен жалтару үшін өзін психологиялық аурумын деп жариялаған
Шығыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық сот ұзаққа созылған қылмыскер-педофилдің ісіне нүкте қойды. Бұған дейін балаларға сексуалды зорлық көрсетіп екі рет сотталған айыпты, бостандыққы шыға салып тура сондай қылмысқа қайта барған.
Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.
Ол үшінші рет ұсталған сәтте өтірік есі ауысқан адамның кейпін жасамақшы болады. Алайда алматылық мамандар оны бұлтартпай кінәсін дәлелдей алған. Сотта қылмыскер өзіне өлім жазасын тағайындауды сұрады.
2015 жылы мектеп оқушысына жасалған шабуыл бүкіл Өскеменді дүр сілкінткен болатын. Екі қызға белгісіз ер адам шабуыл жасаған. Бақытқа орай, оқушыларды құтқарып қалған. Көп ұзамай полицейлер 32 жастағы күдікті Виталий Налимовты ұстады.
2000 жылы Налимов кәмелетке толмаған жасөспірімді зорлағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Бірақ, бес жылдан соң шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады. Ал 2006 жылы ол тағы да тура сондай зорлық әрекетті жасайды. Осыдан соң ол 2015 жылы бостандыққа шығады. Алайда түрмеден шыққанына үш ай толар-толмастан ол тағы бір мектеп оқушысына жыныстық зорлық жасайды.
Ол тоғыз жасар қызға жыныстық зорлық жасаған. 11 күннен соң ол тағы көпқабатты үйдің кіреберісінде тағы бір қылмысқа барады. 11 жастағы қыз оған қарсылық көрсетіп, босап шыға алған. Жарты сағаттан соң Налимов тағы бір мектеп оқушысына қыр көрсетеді. Ол өз құрбандығын уысына түсіру үшін, оны ұрып-соғады. Бірақ, ол оқушы да қылмыскердің құрығынан босап, қашып құтылады.
Налимов барлық қылмыстарын күндізгі уақытта жасаған.
“Ол аула тазалаушы болып жұмыс істеген. Ол сары түсті киім киіп жүргендіктен, балалар оған назар аудармайды. Қылмыскер барлық балаларды еркін бақылап, өз ойын жүзеге асырып жүрген”, – дейді сот өкілі Людмила Побияха.
Ол ұсталғаннан кейін барлық зардап шегушілер педофилді бірден таныған. Ол өз қылмыс жасауының себебін балалардан ұялы телефон ұрламақ болдым деп ақталған. Алайда мұнысы расқа шықпағаннан кейін, қылмыскер психологиялық аурумын деп жалтармақ болады.
Ақырында әртүрлі айла жасап, түк өнбеген Налимов соттың үкіміне келіседі. Сот оны 25 жылға бас бостандығынан айырды. Ол алғашқы бес жылды түрмеде өткізсе, қалған мерзімді ерекше режимдегі колонияда өтейді.
Оқи отырыңыз:
Алматы облысында әйел көңілдесі үшін күйеуі мен балаларын тастап кетті
9 жасар қыз елден қуылған ата-анасын Қазақстанға қайтарды
Қазақстандық шенеуніктердің жалақысын 2 есеге арттыру туралы ұсыныс жасалды