Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да мас күйінде көлік жүргізген әкім орынбасары 19 жастағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Риддер қаласында BMW X5 маркалы көлігін жүргізуші 19 жастағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат 15 сәуірде кешкі сағат тоғызда болған.

ШҚО-да мас күйінде көлік жүргізген әкім орынбасары 19 жастағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп,  Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Айдарханов көшесінің бойымен келе жатқан BMW X5 автокөлігінің жүргізушісі жолдың оң жағында өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Нәтижесінде, қатты соққы алған жас жігіт жедел жәрдемге келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

Сот ісін жүргізу барысында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген 45 жастағы автокөлік жүргізушісінің  Риддер қаласы әкімінің орынбасары екені анықталды. Ол көлікті мас күйінде басқарған екен.

Қазір шенеунік уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр. Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігіне «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру ережесі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуына» сәйкес алдын ала тергеу жүргізіледі.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жол-көлік апатын тексеру облыстың ішкі істер басқармасы бастығының арнайы бақылауына алынды.

Тағы оқыңыз: 

Қостанайда полиция қызметкері қызғаныштан өзімен бірге тұратын қызды пышақтап, өзіне қол салған

Танымал адвокат қоршаған ортаны ластауға қарсылық ретінде өзін өртеп жіберді

Аустралиялық зерттеушілер Қазақстанға жаңа атау берді (фото)

Желіде қырғыз президентінің қарапайым әуе рейсімен ұшқаны түсіп қалған видео тарап кетті (видео)

Талқылау