Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда полиция қызметкері қызғаныштан өзімен бірге тұратын қызды пышақтап, өзіне қол салған

Қостанайда полиция қызметкерінің  қатысуымен төтенше жағдай орын алды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қостанайда полиция қызметкері қызғаныштан өзімен бірге тұратын қызды пышақтап, өзіне қол жұмсады

«Полиция қызметкері жалдамалы пәтерде өзімен бірге тұратын қызды қызғанып, оны пышақтап өлтірген. Содан кейін ол балконға шығып өзіне қол жұмсаған. Бұл оқиғаның мән-жайы тексерілуде», – деді Сәдубаев.

Сонымен қатар, ол еліміздің бірнеше аймағында іздестірілген қылмыскерлердің қолға түскенін айтты.

Атап айтқанда, жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қаласының ІІД-нің Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 2015 жылы Елордада адам өлтірді деген төрт күдіктіні ұстады. Тексеру барысында олардың қылмыс жасаған тапаншасы тәркіленді.

Сондай-ақ, Алматы облысы ІІД-нің жедел қызметкерлері осы жылдың 10 сәуірінде Талдықорған қаласында жеке кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған үш жергілікті тұрғынды қолға түсірген. Олар кәсіпкердің «Toyota Camry 50» автокөлігі мен қомақты ашқасын алып кеткен.

Сонымен қатар, Алматы облысының Үшарал қаласында тонаумен айналысқан осы аймақтың тұрғыны жедел іздестіру жұмыстары кезінде қолға түсті.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық каскадерлар Disney студиясы түсіретін фильмге қатысады

Сан-Францискода таксист болып жұмыс істейтін ОҚО-ның жігіті белгілі миллионерді таңғалдырды

Семейде 21 жастағы қыз пойыз астына түсіп, аман қалды

 

Талқылау