Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұмыс десе, ішкен асын жерге қоятын": ШҚО-да кардиохирургтың жесірі оның соңғы күндері туралы айтып берді

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустан қаза тапқан кардиологтың отбасына жанқиярлық ерлігі үшін алған "Барыс" ордені табысталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

жесірі

Бекжан Болановтың артында екі баласы қалды, кішісі небәрі бір жарым жаста.

Кардиолог елде індет басталған бірінші күннен-ақ қауіп-қатерге қарамай алдыңғы сапта қызметін атқарған. 

"Маусым айының басы болатын, оларда ковидпен ауыратын науқас анықталды және барлығын өзін-өзі оқшаулауға жіберді. Ол үйге келді, 2 күн ғана болды, ПТР-ға талдау келді, нәтижесі - теріс. Сіз оның орнынан ұшып тұрып, мен жұмысқа барамын дегенін көрсеңздер ғой. Бекжан жұмысқа барма дедім, мүмкін бұл өзімшілдік де болған шығар, бірақ мен әйелі ретінде айттым. Ал ол маған "анда менікілердің жағдайы қалай" деп жауап берді, бір қысқа сөз. Ол жұмыс десе, ішкен асын жерге қоятын", - деді кардиохирургтың жұбайы Алма Боланова.

Еске сала кетейік, ел алдында сіңірген ерен еңбегі мен қызметтік борышын атқару кезіндегі жанқиярлық еңбегі үшін қайтыс болғаннан кейін 42 медицина қызметкері марапатталды. Олардың екеуі ерекше белгі төсбелгісімен - "Алтын жұлдыз" және "Отан" орденімен "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болды. Сегіз дәрігер "Барыс" орденін алды, қалғандары "Құрмет" орденімен марапатталды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр