AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да ежелгі обаларды тонағандар ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында жергілікті тұрғындар ежелгі сақ қорғандарын тонап жүргендерді ұстады. Ауыл азаматтарының айтуынша, олар Шілікті маңында "Алтын адам" табылған қорымдарды рұқсатсыз қазған, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Оба қазып опа таппаған олардың жіті дайындалғаны бейне жазбада анық көрсетілген. Ұсталғандардың көліктерінде жер қазатын құралдар мен метал іздейтін құрылғылар табылған. Арасында сол маңда тұратындар мен Өскемен қаласынан келгендер де бар.

Соңғы 1-2 жылда темір дәуіріндегі қорғандырдың денін белгісіз біреулердің аяусыз қопарып кетіп жүргенін Ақжар ауылының тұрғындары да байқаған. Қаскөйлер көне зираттарды ашып, табыт ағаштары мен адам сүйектеріне дейін сыртқа шашып тастаған.
Айта кетейік, тарихи қорымдар 2016 жылдан бастап тоналып келе жатқан көрінеді. 

Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылардың да ашуын келтірді. Тарихи қорғандарды қиратып, аруақтарды қорлағандарды қатаң жазаға тартуды сұрайды.

“Қазақта көр қазып, ата-баба қорымдарын шашып, аруақты қорлау деген бар ма еді? Бұндай азғындарға жазаның ең ауыр түрімен жазалауды талап етемін!”- деп жазыды әлеуметтік желі қолданушысы Айдын Егеубаев.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі аталған мәселе бойынша тергеу жұмыстарының жүріп жатқанын айтады.

“Аталған факті ағымдағы жылдың 20 мамырында белгіленген тәртіппен Зайсан ауданының ПБ тіркелді. Аталған адамдар істің  анық-қанығына жету үшін ПБ-ге жеткізілді. Оның нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу. Сондай-ақ, әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру. Тексеру шаралары аяқталғаннан кейін материал түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жолданады”, - дейді ШҚО ПБ баспасөз қызметі.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр