ШҚО-да есірткі сақтап, сатты деп күдікке ілінген ерлі-зайыптылар ақталып шықты
Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласында тұратын ерлі-зайыптылар, нашақорларға опиоидты анальгетиктер санатындағы препаратты жеткізіп отырған. Тінту барысында олардан таблеткалар табылып, тәркіленді. Бірақ қандай да бір себептермен бұл процесс тіркелмеген. Сол себепті сот полицияның сөзіне сенбеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Время
Тергеушілер 67 жастағы ер адамның гаражына және оның 58 жастағы әйеліне тиесілі үйге тінту жүргізіп, аса ірі мөлшерде "трамадол" психотроптық затын тапқан. Сонымен қатар көкнәр тұқымдары мен сабандарын тәркілеген.
Айыптаушы тараптың айтуынша, есірткі сатушылар таблеткалардың бір данасын 1000 теңгеден саудалаған. Сосын заттай дәлелдер табылып, күдіктілер ұсталған.
Куәгерлер арасында айыпталушылардың дүкенінде жұмыс істеген сатушылар да болған. Олар иелерінің есірткі сататынын білген соң жұмысын тоқтатқан.
Куәгерлердің сөзінше, қожайыны дүкен ішіндегі дәретханаға жасырып, нашақорларға көкнәр сатады. Тағы бір куәгердің өзінше, ол есірткіні күйеуі үшін сатып алған. Сондай-ақ 12 жылдан бері есірткіге әуестенбегенін жеткізген.
Дегенмен тергеу кезінде ерлі-зайыпты айыпталушылар ешқандай есірткі сақтамағанын және сатпайтынын айтқан. Олардың сөзінше, тергеушілер бұларға жала жауып отыр.
"Тергеушілер бір немесе басқа нысанды тексеріп жатқанда менің трамадолды тауып алып, басқа жаққа жасыратын уақытым болды", – дейді әйел.
Адвокаттар видеоға психотроптық заттардың табылған сәті түсірілмегенін айтты.
Серебрянск тұрғындарына қатысты іс тәжірибелі судья Қуаныш Забеновтың қолына түсті. Ол сотталушының пәтерінен "трамадолдан" басқа екі үлкен қап көкнәр тұқымы табылғанын, бірақ олар қалайша байқалмай егілгенін атап өтті?
"Тергеу кезінде не себепті көкнәрге ешкім назар аудармады. Тергеушілер оны кәсіпкер тек аспаздық мақсатта жинаған деп ойлаған көрінеді", – дейді ол.
Апелляциялық сотта істі қараған кезде олар ақ жіппен тігілген деген қорытындыға келген.
Тінту кезінде тіпті Серебрянск криминалдық полиция бөлімінің бастығы Ернұр Макиленовтің өзі қателік жіберген. Сот көбіне бейнекамераның фокусы іздеуге қатысқандардың барлығының әрекеттерін бір уақытта көрсетпейтініне назар аударды.
“Куәгерлер мен үй иесінің қайда екені анық көрсетілмеген. Ал полицейлер тыйым салынған құжатты іріктеп іздеген. Белгілі бір себептермен олар дәліздегі шкафты, кереуетті, оралған матрацты тексермеген. Тіпті ваннаға да қарамаған. Полиция қызметкерлерінің әрекеті олардың тыйым салынған заттардың қай жерде орналасқанын білетіндігін көрсетеді. Олар пәтерде сақталатын кез келген тыйым салынған затты анықтауға бағытталған мұндай тергеу әрекетін қалай жүргізу керектігін білмеген", – деді сот.
Тәртіп сақшылары гаражды тінту кезінде дәл осылай "жұмыс істеген".
Тінту туралы бұйрықта учаскедегі барлық шаруашылық құрылыстары көрсетілген. Ал полиция бөлімшесінің қызметкерлері қандай да бір себептермен қораға немесе басқа жерге бармай, тікелей гаражға барған. Сосын олар "трамадолды" тауып алған.
Жалпы, екінші сатыдағы сот тінту хаттамаларын жол берілмейтін дәлелдеме деп таныды. Ал ерлі-зайыптылар ақталды. Енді олар заңсыз қудалау салдарынан келтірілген зиянды өтеп алуға құқылы.