ШҚО-да ер адам қолын қатты қысып амандасқан танысын сүйменмен ұрып өлтірді
Глубокий ауылының тұрғыны өзінің ауылдасын сүйменмен ұрып тастаған. Алдын-ала деректер бойынша зардап шегуші күдіктімен амандасқан кезде қолын қатты қысқан. Осы жағдай төбелеске себепші болыпты.

Сурет u24.ru
Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.
Оқиға 16 маусым күні кешкі уақытта болған. Жергілікті бір топ тұрғын ащы судан ішеді. Солардың ішіндегі Жанат есімді жігіт 40 жастағы Андрейдің қолын әдейі қаттырақ қысады. Ал ол болса жігіттің бетінен ұрған. Жанат жауап ретінде қарсы ұмтылғанымен, жылыстап көзден таса болып кетеді.
Қолына сүймен алып оралған Андрей оның ізінен қуып береді. Жанатқа жетіп алған Андрей әуелі арқасынан, сосын басынан ұрған. Зардап шегуші басынан қатты жарақат алып, миы шайқалған. Тез арада ауруханаға жеткізілгенімен, екі күн өткен соң қайтыс болады.
Андрейді тәртіп сақшылары тұтқындап, уақытша тергеу изоляторына қамады. Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты