ШҚО-да досын көгілдір деп естіген жігіт оны ауыр жарақаттап тастады
Зырян тұрғыны өзінің танысы туралы бөтен әңгіме естіп онымен әңгімелеспекші болады. Ол, танысы дәстүрлі емес жыныстық бағытта деген өсек-аяңды естіген екен. Екеуара әңгіме жанжалға ұласып төбелеспен аяқталады.
Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.
29 жастағы Б. есімді азамат өзінің танысымен сөйлесуге әдейі уақыт арнап келеді. Ол танысының көгілдір екенін естіп, осы әңгімені растамақшы болыпты.
Танысы есікті аша салысымен амандасу үшін құшақтай жөнеледі. Бұл әрекет Б.-ға ұнамай қалған. Екінші қайтара құшағын жайып амандаспақшы болған кезде Б. оны ұрып жібереді.
Төбелес басталып кетеді. Үйдің иесі қолына пышақ алып сес көрсете бастайды. Бірақ, Б. пышақты тартып алып, ер адамды қатты соққымен ішінен ұрған. Жанжал осымен бітеді: Б. оның жарасын таңып көмектеседі де кетіп қалады. Ал А. өзінің жағдайы нашарлаған соң жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болыпты.
Сот залында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан. Аудандық сот шу шығарған жігітті төрт жылға бас бостандығынан айырды.
Оқи отырыңыз:
ШҚО-да шопан тасып жатқан өзенде жанталасып жатып мерт болды
Алматы облысында мас жүргізуші жаяу жүргіншіні басып кетті
Метро есігіне басы қысылып қалған әйелге ешкім көмектеспей қойды (видео)
4 күн бойы із-түссіз жоғалып табылған бүлдіршін мән-жайды өзі айтып берді (видео)

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
