Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да әйелдер өртенген ғимараттың 4-қабатынан секіріп кетпек болды (видео)

Өскеменде үрейленген адамдар өртеніп жатқан ғимараттың төртінші қабатынан секірмек болды. Өрт болған жерден түсірілген видео мен фотосуреттер Instagram парақшаларында пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кадрлардан төрт қабатты репродуктивті медицина орталығының түтіндеп жатқаны көрсетілген. Екі әйел жоғарғы қабаттан секіріп кетпек болды.

Өрт сөндірушілер келгенде ғимараттың төбесі өртенген. 200 шаршы метрді жалын шарпыды. Құтқарушылар дереу  азаматтарды эвакуациялады.

«Өрт сөндірушілер үш адамды құтқарды. Өртті сөндіруге 37 жеке құрам мен 12 техника жұмылдырылды. Қазір Өскемен қаласының құтқарушылары өртті сөндіріп жатыр», - деп хабарлады департамент.

Бұған дейін Алматыда балконнан салбырап тұрған ер адам жайлы жазған едік. Фото таралып, қазақстандықтар арасында қызу талқыланды.

Талқылау