ШҚО-да аязды күні даладан табылған екі баланың анасы табылды
Полиция Өскемендегі ауруханалардың біріне гипотермиямен жеткізілген екі баланың анасын тапты.
Әйел бау-бақша қоғамының үйлерінің бірінен табылды. Әйел табалдырықтан бастап балаларды ешкім ұрмағанын және ешкімнің темекімен күйдірмегенін түсіндіре бастады. Балаларды қарай тұруға қалдырған көршісі оларды үйінен қуып жібергенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
«Ол кетіңдер деді. Мен балалар бірдеңе тапқанша, көмектесетін адам тапқанша отыра тұрсын дедім. Ол балаларды далаға тастай сал маған бәрібір деді. Мен төменге жүгірдім, төмен түсіп, біреуді шақырдым», - деді балалардың анасы Елена.
Елена кімге және қалай қоңырау шалғанын өзі есіне түсіре алмады. Мас болғанын жасырмайды. Ол есін жиған кезде, балалардың ауруханада жатқанын және оның баласы үйге оралудан қорқатынын теледидардан естіді.
Полициямен болған әңгімеде әйел балаларды балалар үйіне жіберуге келіскен.
«Бұл отбасы «бала тәрбиелеу міндеттерін орындамайтын ата-ана» санатына тіркелді, сонымен қатар ол балаларды қауіпті жағдайға қалдырғандықтан, қылмыстық іс қозғалды», - дейді жергілікті полиция қызметінің аға арнайы инспекторы Әйгерім Бейсембаева.
Полиция балаларға қиянат жасау фактісі, оның ішінде темекімен күйдіру фактісі расталмады, дегенмен 9 жасар Данил мен оның 1,5 жасар қарындасы тұратын үй өте қорқынышты болды. Сондықтан полицейлер ата-анасын ата-ана құқығынан айыру үшін құжаттарын жинай бастады.
Айта кетейік, бір үйдің екі баласы аш-жалаңаш күйінде даладан табылған еді.