Алаяқ тікелей эфирді көріп отырған қазақстандықтардың нөмірі арқылы аккаунттарды бұзып келген
Шығыс Қазақстан облысында тағы бір интернет-алаяқ қолға түсті. Ол әлеуметтік желіде тікелей эфирге қатысушылардың мессенджерлерін бұзып, олардың атынан таныстарынан қарызға ақша сұраған. Күдікті басқа облыстың 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алаяқ тікелей эфирлерді бақылап отырған. Эфир барысында қатысушылар телефон нөмірлерін немесе мобильді құрылғысының экранын көрсеткен сәтте онда мессенджерге кіруге арналған SMS-кодтар көрініп қалған. Осы сәтті пайдаланған күдікті бөтен аккаунттарға кіріп, олардың атынан хабарламалар жіберіп, қарызға ақша сұраған.
Енді алаяқтардың құрбаны болған азаматтар өз атына рәсімделген несиелерді жоя алады
Полицияға бес тұрғын жүгініп, олардың жарты миллион теңге көлемінде қаражат аударғаны белгілі болды. Бірақ зардап шеккендердің саны бұдан да көп болуы мүмкін. Полиция азаматтарды барынша сақ болып, құпия ақпаратты жария етпеуге шақырды.
“18 жастағы азамат мессенджер қолданушыларының аккаунттарын бұзды деген күдікпен ұсталды. Бұл дерек бойынша “Алаяқтық” бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр”, – деді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің аға жедел уәкілі Нұрай Арыстанбек.
Айта кетейік, бұған дейін Алаяқтар енді азаматтарға жұмыс орнында тексеріс жүріп жатқанын айтып хабарласа бастағаны туралы жазған едік.

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
