"Жолсерікті шақыратын батырмасы болады": Желіде тараған жаңа пойыз вагондарының өндірістегі видеосы көпшілікті қызықтырды

Әлеуметтік желіде жаңа жолаушылар вагондарының өндіріс сәтінен видеосы жарияланып, қазақстандықтардың қызығушылығын тудырды.
Бұл пойыз вагондарын Stadler Kazakhstan компаниясы швейцариялық Stadler компаниясының технологиясымен Астанада жасап жатыр. Пойыз вагондарының фотосы мен видеосына қарасақ, оның іші жарық, кең әрі жайлы болмақ. Оған қоса жаңа технологияның мүмкіндіктері қосылған. Мәселен, мұнда:
– жарықты, дыбысты және температураны реттейтін басқару панелі;
– дәретхананың бос/бос еместігін көрсететін индикатор;
– жолсерікті шақыру батырмасы;
– жеке жарық шамдары мен әртүрлі заманауи құрылғыларға арналған розеткалар (Type C-тен 220V-қа дейін) орнатылған.

Сонымен қатар вагон ішінің дизайны заманауи әрі қазақ ұлттық нақышы үндесіп жасалыпты. Компания өкілдерінің айтуынша, жаңа вагондар кең, қолайлы, қауіпсіз болатынымен ерекшеленеді. Жаңа вагондардың алғашқы легі ұлттық тасымалдаушыға 2025 жылдың аяғында беріледі. 2030 жылға дейін Астанадағы заводтан жалпы 557 жолаушылар вагоны шығарылады.
Алғашқы Stadler вагондары келесі жылдан бастап 4 бағытта – “Астана – Алматы”, “Астана – Семей”, “Астана – Шымкент”, “Астана – Атырау” бағыты бойынша жолға шығады деп жоспарланып отыр.

Айта кетері, бүгінде Stadler Kazakhstan кәсіпорнында 660-тан астам қызметкер істейді. “Штадлер Қазақстан” ЖШС — теміржол машина жасау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын швейцариялық Stadler Rail AG концернінің еншілес кәсіпорны.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?