ШҚО-да 3 жасар бүлдіршін өзенге құлап, суға тұншығып қайтыс болды
3 жасар қыз бала Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданының Черемшанка өзеніне құлап кетіп, тұншығып қайтыс болды.
Сурет: minval.az
Бұл туралы аймақтық ТЖД хабарлады.
«Суы тізеден келетін Черемшанка өзеніне 3 жасар бүлдіршін батып кетті. Бүлдіршін ата-анасының қарауынсыз жалғыз өзі өзен жағасында жүрген. Сүрініп кеткен сәби өзенге құлап, суға тұншыққан», – дедінген хабарламада.
Мәліметтерге жүгінсек, бүлдіршіннің анасы ол кезде өзенге жақын маңдағы үйінде болған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сәбидің денесін судан құтқарушылар алып шыққан.
Жіберіп алмаңыз:
Талқылау