"Шіркей шаққан жерде құрт пайда болып, малды тірідей жеуде": Түркістан облысының тұрғындары зиянкестердің көбейгеніне алаңдаулы
Түркістан облысының тұрғындарына шіркей шабуыл жасауда. Адамдар қансорғыштардан қорғану үшін бетін жауып, тар киім киюге мәжбүр болса, жануарлар зиянкестердің кесірінен тіпті өліп жатыр екен Stan.kz ақпарат агенттігі деп хабарлайды 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Түркістан облысы Отырар ауданының тұрғындары көшеге маска киіп шығуға мәжбүр. Себебі шіркейлер қаптап тұрғындардың тіршілігне зиян келтіруде. Тұрғындардың сөзінше, әсіресе балалар мен зейнеткерлер үшін қиындай түскен.
"Балаларды далаға шығармаймыз. Өйткені шіркей бетімізге, көзімізге жабысып қалады. Балабақшаға мүлде апармаймыз. Күннің ыстығына қарамастан көлікте терезені жабық күйде жүргіземіз. Шаршадық", – деп шағымданды Отырар ауданының тұрғыны Кемалхан Өскенбаев.
Ең қиыны да тауықтар, құлындар, бұзаулар зиянкестерден өліп жатыр екен.
"Жайылымдағы жас малдар өліп жатыр. Себебі шіркейлер шаққаннан кейін шаққан жерінде құрттар пайда болып, малды тірідей жейді. Тіпті адамдар да ауруханаға түсіп жатыр", – деді жергілікті тұрғын Жұмабай Сапарбаев.
Мундай мәселе Қазақстанның онтустiгiнде жыл сайын туындайды. Бірақ бұл жолы жәндіктер тым көбейген.
Әкімдік биыл шіркейлермен күресуге 640 миллион теңге бөлінгенін айтты.
"Біздің барлық ауылдарда биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық зиянкестерді жою бойынша жұмыс жалғасады. Ал тұрғындар шаққаннан аурып жатыр деген ақпарат бізге түскен жоқ”,- деді Отырар ауданы әкімінің орынбасары Ержан Оралбай.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, жәндіктер елді мекен іргесінен орналасқан үлкен су қоймасы салынғаннан кейін келе бастаған. Ғалымдар зиянкестерді дернәсіл кезеңінде, су қоймасында улса, саны азаятынын айтады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
