Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шыңжаңдағы карантин: Қытай қазақтары азық-түлік жетіспеушілігіне наразы

Тамыз айында карантинге жабылған Шыңжаң тұрғындары азық-түлік жетіспеушілігіне наразы. Қытай цензорлары желіде таралған наразылықтарды жою үшін ғаламторды Шыңжаң туралы түрлі ақпараттармен толтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

синьдзян

Йылы деген атпен танымал Іле-Қазақ автономиялық облысында шамамен 4,5 миллион адам тұрады. Облыс тамыз айының басында карантинге жабылды.  Алайда Covid-19 ауруының таралғаны туралы ресми деректер келтірілмеген. Соңғы күндері әлеуметтік желілерде азық-түлік тапшылығы, медициналық көмектің дұрыс көрсетілмеуі туралы көптеген хабарламалар тарады.

Осыдан соң China Digital Times жариялаған директиваға сәйкес, әлеуметтік желіні ақпараттық ағынмен толтыру тапсырылған.

"Тақырып бойынша шектеу жоқ. Желіге күнделікті өмір, ата-ана тәрбиесі, тамақ дайындау немесе психология, көңіл-күй туралы, т.б. жариялауға болады. Интернет-комментаторлардың қызметкерлері посттарды сағатына бір рет (тек екі рет) орналастыруы керек, бірақ жылдам емес! Посттардың арасы жиі болмауы тиіс!"— делінген CDT-дегі директивада.

Әлеуметтік желілерде Шыңжаң ас үйінің фотосуреттері, қарапайым жиһаздар туралы мәліметтер толып кетті.


"Шыңжаңнан қашып, соғысқа тап болдым": Еркіндік іздеген Қытай қазағы Украинадағы қақтығыстар мен Қытайдағы қыспақ жөнінде айтты

40 күннен астам қатаң карантин кезінде халық қиналып, өмір сүру жағдайы нашарлады. Әлеуметтік желілерде Шыңжаң тұрғындарының неше түрлі жазбалары тарады. Жедел жәрдем қызметі қан құсып ауырып жатқан адамға келуге бас тартқан, ал жүкті әйелдерге босану орындары жетпей, үйлерінде босануға мәжбүр болды. 

Билік алғашында бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды. Бірақ өткен аптада олар азық-түлік пен дәрі-дәрмектерге қатысты мәселелердің болғанын ішінара мойындап, жергілікті билікті айыптап, баспасөз мәслихатында кешірім сұраған.

 

Талқылау