Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі YouTube-тегі "Бәсе" арнасының авторларына не үшін іздеу салынғанын мәлімдеді

Ішкі істер министрлігі YouTube және Telegram желісіндегі "Бәсе" арналарының авторлары Айдос пен Наталья Садықовтарға қатысты іздеу жариялады. Деректерге сай, олар желіге шындыққа жанаспайтын, ұлтаралық араздыққа шақыратын видео жариялаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросынан

Оларға іздеу 24 қазанында салынғаны белгілі болды. Іс Астана қаласында қозғалып, Ішкі істер министрлігі іздестіру жұмыстарын бастады. 

"Уәкілетті орган YouTube арнасында шындыққа сәйкес келмейтін, ұлттық араздықты насихаттайтын бейнематериалдарды анықтады. Қылмыстық істі ІІМ тергеу департаменті тергеп жатыр", – деді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствода 2014 жылдың 17 наурызында Ақтөбе қаласының №2 соты жалған жала жабу бойынша аталған тұлғаларға мемлекетаралық іздеу салынғанын атап өтті.

"Кейіннен бапты әкімшілік құқық бұзушылық санатына ауыстыруға байланысты іздеу тоқтатылды", – деп толықтырды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

2014 жылдың наурыз айында Ақтөбе қалалық сотының судьясы журналист Наталья Садықованы қамауға алу туралы сырттай қаулы шығарған. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2014 жылдың наурыз айында ақтөбелік журналистер Айдос пен Наталья Садықов Қазақстаннан Украинаға кетіп, онда YouTube (996 мың жазылушы бар) және Telegram арналарын (92 мыңнан астам жазылушы бар) "Бәсе" арнасын құрған.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда "Баcе" YouTube-арнасының авторлары Наталья мен Айдос Садықовтарға іздеу жарияланғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау