Қазақстанда "Баcе" YouTube-арнасының авторларына іздеу жарияланды
Қазақстанда "Баcе" YouTube-арнасының авторлары Наталья мен Айдос Садықовтарға іздеу жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында пайда болды.
Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, аталған тұлғаларға сот санкциясымен 23 қазанда Қылмыстық кодекстің 174-бабы "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бойынша іздеу жарияланған. Садықовтарды іздеуге ІІМ мұрындық болды. Іздестіру жұмыстарын Алматы қалалық полиция департаменті жүргізіп жатыр.
Фото: qamqor.gov.kz
Еске салайық, сот Наталья Садықованы қамауға алу туралы 2014 жылы сырттай қаулы шығарған. Сол кезде хабарланғандай, Садықоваға қатысты адамға сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен қоса жала жапты деген айыптар бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Астанада ойын орталығында 4 жасар бала тоқ соғып жарақат алды: Анасы орталықты тексеруді талап етті
Күтуші балаларды тоқтатпаған және бұлай ойнауға болмайтынын түсіндірмеген
Қазақстандық әйел қызының балмұздақ жегеннен кейін жансақтау бөліміне түскенін айтты
Анасы: "Инфекция баламның бүйрегін зақымдап жатыр"